Қазақстандықтар бұдан былай букмекерлік кеңселердің жарнамасын SMS арқылы алмайды
Фото: favoritnr.com
2024 жылдың 8 шілдесінде ойын бизнесі және лотерея қызметі туралы заң қабылданды. Бүгін, 2024 жылғы 18 шілдеде ОКҚ брифингінде туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев заңның негізгі бөлімдері туралы айтып берді.
Заң сегіз Кодексте және 14 заңда 150 түзетуді көздейді, 18 норма бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілді.
Енді букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына заңмен тыйым салынды. Ерекшелік тек букмекерлік кеңселер, спорт ғимараттары мен спортшылардың жабдықтары үшін жасалады.
"Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты да осындай норма көзделген. Халықаралық жарыстардың тікелей эфирін жүргізетін спорттық бұқаралық ақпарат құралдары мен спорттық емес жергілікті арналарға ерекше жағдай жасалды. Сонымен қатар, азаматтар букмекерлік кеңселердің жарнамасын SMS арқылы алмайды. Заң бұзушылар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деді Төлебаев.
Борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге мүмкіншілік беруге тыйым салынады. Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған қазақстандықтарды және өзін – өзі шектегендерді құмар ойын ойнауға мүмкіншілік бергендерге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі - лицензиясы тоқтатыла отырып, бір миллионнан 3,7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.
Бұған дейін, букмекерлік кеңсе Ringobet.kz лицензиядан айырылды және заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл төледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық