Қазақстандықтар балаларына 22 миллиард теңге алимент қарыз
Бас прокуратура тұрақты түрде алимент төлемейтін азаматтармен жұмыс жасау туралы айтты. Бөлім қарыздардың төленбеуінің басты себебі ретінде борышкерлердің жұмысқа орналаспауын және тұрақты табысының жоқтығын алға тартып отыр.
Жағдайды түзету үшін елімізде 200-ге жуық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жұмыспен қамту органдары 20 мың жұмыссыз борышкерді тіркеді, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналастырлды.
Алимент төлеуден жалтарған алты мыңға жуық борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
700 қадағалау актісі бойынша 825 жеке сот орындаушысы тәртіптік жазаға тартылды.
Жүйелі және кешенді шаралардың қабылдануы қиын мәселелік салалар санын үштен біріне немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
140 мың баланың пайдасына 23 миллиард қарыз өтелді, талап қоюшыларға 322 бірлік мүлік берілді.
Бүгінде қалған қарыз 22 млрд теңгені құрайды.
«Осыған байланысты прокуратура борышкерлердің есептелмеген табыс көздерін және сақтау орындарын анықтаудың жаңа тәсілдері мен алгоритмдерін әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс (Yandex, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электронды әмияндар, т.б. Мұндай табыс пен қаражаттар туралы ақпаратты сот орындаушылары прокурордың рұқсатымен алады. Мәселен, Қарағандыда прокурорлар электронды әмиянға ақша жасырған 86 тұрақты төлемақыны анықтады» деп хабарлады Бас прокуратура.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық