Қазақстандықтар 7 мамырдағы әскери шеруді тікелей көре алмайды
Фото: Orda.kz
Қазақстан Республикасының қарапайым азаматтары әскери шерудіт тек телеарналардан немесе LED-экрандардан тамашалай алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қорғаныс министрлігі түсіндіргендей, парадты тікелей көру мүмкіндігі 3 және 4 мамыр күндері – бас репетиция кезінде барлық ниет білдірушілерге берілген.
«Тікелей эфир барлық республикалық телеарналарда, сондай-ақ елдің барлық қалалары мен өңірлеріндегі LED-экрандарда көрсетіледі. Бұдан бөлек, парадты тамашалағысы келгендер 3 және 4 мамыр күндері бас репетицияға еркін кіріп, қарай алды», деп хабарлады министрлік.
Қауіпсіздік шаралары мен шектеулер мәселесі басқа мемлекеттік органдарының – Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ мен ҰҚК-нің құзыретінде.
Журналистер үшін де орын саны шектеулі болып шықты.
«Парадқа еліміздің барлық өңірлерінен делегациялар, ардагерлер, тыл еңбеккерлері, еңбегі сіңген қайраткерлер қатысады. Келгісі келетіндер өте көп. Алаңға көп адамның сыймайтыны да рас. Шеру өткізу мүмкін болмай қалады», – деді министрлік өкілдері.
Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне арналған әскери парад 7 мамыр күні сағат 11:00-де Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Оның ұйымдастырылуына 2,5 миллиард теңге бөлінген (https://t.me/orda_kz/98982).
Жаңалықтар
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр