Қазақстандық танымал әншіні ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері соққыға жықты
Фото: Бейнеден кадр / The Voice Ru
Әнші әрі блогер Биназир Ермағамбетова (BikaBreezy) көршісін сотқа беріп, оны соққыға жықты және қорқытты деп айыптады. Оның айтуынша, бұл ер адам бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыдағы Медеу аудандық сотында қаралған іс барысында Биназир айыпталушының оған қарсы талап-арыз түсіргенін білді.
«Маған қазір ғана тергеуші қоңырау шалып, менің қылмыстық ісім қозғалғанын хабарлады. Егер бұл оқиғаны байқамай қалған болсаңыз, еске салып өтейін. 29 қаңтарда үйімнің ауласында 130 келілік ер адам, менің көршім, мені ұрып-соқты. 50 келі тартатын мені жұдырығымен соқты. Мен шегініп үлгердім, бірақ маңдайымда ісік пайда болды. Өзімді қорғауға тырыстым, бірақ оны құлатуға күшім жетпеді. Ол үстіме шығып, ұрып-тұншықтыра бастады. Мен полицияға арыз жаздым. Қазір мен жәбірленуші ретінде сот процесіне қатысып жүрмін. Бірақ, маған екінші іс бойынша да айып тағылғанын айтты. Көршім менің оны ұрып-соққаным туралы арыз жазыпты», – деп бөлісті блогер әлеуметтік желіде.
Биназирдің айтуынша, айыпталушы сотта бірнеше рет мемлекеттік органдардағы таныстарын айтып мақтанған.
«Сотта ол менің оған қарсы арыз жазғаным үшін ғана өзі де арыз бергенін бірнеше рет айтты. "Менің таныстарым бар, мен мемлекеттік органдарда жұмыс істедім, ақшам да жеткілікті" деп айқайлады. Бұл расталды – ол бұрын ҰҚК қызметкері болған. Мен ҰҚК қызметкерлерінің барлығы ол сияқты емес деп үміттенемін, қыздармен төбелесіп, оларға қарсы арыз жазатындар емес шығар», – деді әнші.


Алған жарақаттарына байланысты Биназир өз концерттерін тоқтатуға мәжбүр болып, орындалмаған келісімшарттар үшін айыппұл төледі.
«Маған қайтадан несие алуға тура келді. 4,5 миллион теңге төледім. Бетімдегі көгерген іздерге байланысты келісімшарт орындалмады», – деді ол.
Биназир тек бетіне ғана емес, көмейіне де зақым алды. Сондықтан, оның айтуынша, тек концерттер емес, шетелдік лейблдармен келіссөздер де үзілген. Қазір әнші ән жаздыра алмайды.
Биназир Ермағамбетова Ресейдің «Голос» жобасына қатысып, танымал болды. 2022 жылдың мамырында америкалық БАҚ әншінің миллиардер Стивен Майкл Росстың қызы Диана Росспен қарым-қатынасы туралы қауесетті таратқан.
Orda.kz редакциясы Алматы қалалық полиция департаментіне, прокуратураға және ҰҚК-ға ресми сауал жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды