Қазақстандық шенеуніктердің Украинаға заңсыз оқ-дәрі сатуы мүмкін екені анықталды
Фото: Радио РБК
Румынияда Қазақстан мен Болгария шенеуніктерінің қатысы бар ірі жемқорлық ісі әшкереленді. Тергеу дерегінше, олар оқ-дәрі саудасы арқылы заңсыз пайда табуға тырысқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазан айының басында Румыниядағы «Romtehnica» компаниясының директоры Разван Минкуге Болгария мен Румынияның бірнеше кәсіпкері хабарласқан. Солардың бірі — болгариялық «Sofia Arm Tech» компаниясының басшысы Роман Иванов. Олар Минкуге Қазақстан арқылы оқ-дәрі сатып алып, кейін оны басқа елдерге қайта сатуды ұсынған.
«Маған Қазақстаннан оқ-дәрі әкеліп, оны өзге жаққа өткізу туралы айтты», — дейді Разван Минку Europa Libera Romania радиосына берген сұхбатында.
Минкудің сөзінше, бұл адамдар өздерінің румын саясаткерлерімен байланысы бар екенін айтқан. Алайда ол істі тек заң аясында жүргізуге келіскен.
Сол саясаткерлердің бірі ретінде Румыния Экологиялық гвардиясының бұрынғы басшысы Октавиан Берчавудың аты аталды. Ол Europa FM радиосына берген сұхбатында қорғаныс министрі Ионуц Моштянға пара беру ісіне араласуға ұсыныс алғанын мәлімдеді
Жемқорлыққа қатысы барлар Қазақстаннан ресейлік үлгідегі оқ-дәрілерді сатып алып, оларды румын үлгісінде көрсетіп, кейін Еуропалық қорғаныс қоры SAFE-ке сатуды жоспарлаған. Ал Берчануның айтуынша, бұл оқ-дәрілер Украинаға жөнелтілген. Бұл жоспарға Қазақстан шенеуніктері де қатысқан болуы мүмкін.
«Мен Қазақстандағы жеке компанияны емес, мемлекеттік органдарды айтып отырмын», — деді Берчану.
Алайда ол Қазақстаннан нақты кімдердің бұл іске қатысы бар екенін ашып айтпады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық