Қазақстандық көкпаршылар қырғыздарға қарсы қарымта ойынға бара ма? — ресми жауап айтылды
Фото: «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі
Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстанда өтетін қарымта көкпар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
16 қыркүйекте Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері қазақстандық көкпаршыларды "Келісім кубогын" өткізуге шақырған еді. Осыған қатысты Қазақстан көкпар федерациясы ресми мәлімдеме жасады.
«Қырғызстан көк бөрі федерациясының тарапы 1 қарашада өтетін турнирге шақырғаны туралы: көпшілік бұны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалы бойынша қарымта кездесу деп ойлап отыр. Қырғызстан тарапы ашық турнирге қатысуға шақырыпты. Ескере кететін жайт, бұл турнир біздің күнтізбелік жоспарымызда жоқ. Ол уақытқа өзіміздің өзге турнирлеріміз қойылған» делінген хабарламада.
Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстан тарапы көкпардан әлем чемпионаты немесе халықаралық турнирлерге шақырған жағдайда диалог жүргізуге әзір екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды