Қазақстандық «Кадет» көркем фильмі Оскарға ұсынылды
Фото: фильмнен кадр
Қазақстандық «Кадет» көркем фильмі 2026 жылы АҚШ-та өтетін «Оскар» сыйлығына Қазақстан атынан бақ сынайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» фильмі «Үздік халықаралық толықметражды фильм» аталымында бақ сынамақ. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ержановтың өзі хабарлады.
«Әскери мектепте сценарийін қолыма ұстап жүрген кездерім есімде. Көптеген компаниялар «тым қараңғы, тым авторлық кино» деп бас тартқан. Бірақ біздің көрермен әртүрлі киноны қалайды. Жанрларымыз жаңарып келеді!» деп жазды режиссер.
Фильмді 2024 жылы Tiger Film кинокомпаниясы түсірген. Ұлттық премьерасы 2025 жылдың қаңтарында өтті. Ал халықаралық көрсетілімі Токио халықаралық кинофестивалінде ұйымдастырылды. «Кадет» Берлинде, Карловы Варыда және SXSW фестивальдерінде де көрсетіліп, прокатта шағын бюджетін ақтап шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық