Қазақстандық дипломат алғаш рет БҰҰ комитетіне сайланды
Фото: ҚР СІМ
Қазақстандық дипломат БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитетіне сайланды.
Қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитетіне (CEDAW) мүше болып сайланды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.
«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясына қатысушы мемлекеттердің XXIII кездесуі аясында БҰҰ штаб-пәтерінде 2025-2028 жылдарға арналған CEDAW мүшелерінің сайлауы өтті. CEDAW-ға алғаш рет Қазақстаннан үміткер, белгілі қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова сайланды. Бұл маңызды тарихи оқиға, өйткені бұған дейін Орталық Азия елдерінің ешқайсысы БҰҰ-ның маңызды органында өкілдік етпеген» делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан гендерлік теңдік саласында ілгерілеуші көшбасшы болады.
Жаңалықтар
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді