Қазақстандық боксшылар Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы жеңісі үшін марапатталды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ливерпуль қаласында өткен World Boxing тұжырымдамасы аясындағы алғашқы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған Қазақстанның ұлттық бокс құрамасымен кездесіп, спортшыларды марапаттады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz хабарлады.
«Әлем чемпионатынан кейін Мемлекет басшысы сіздермен жеке кездесіп, жеңістеріңізбен құттықтады. Бұл — мемлекеттің бокс спортына деген ерекше назарын және қолдауын тағы бір дәлелдейді. Қазіргі таңда біз 2026–2030 жылдарға арналған бокс спортын дамыту тұжырымдамасын әзірлеудеміз. Жақын арада Ұлттық спорт университеті жұмысын бастайды, оның құрылымында заманауи залдары және төрт рингі бар бокс кафедрасы ашылады. Бұл қадам халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау үшін жағдай жасайды. Алдағы маңызды жарыстар — Әлем кубогының финалы, 2026 жылғы әлем чемпионаты мен Азия ойындары алдында бапкерлік құрамға табыс тілеймін. Алайда басты мақсат — Олимпиада ойындары», — деді Ербол Мырзабосынов.
Марапатталғандар қатарында Федерация басшылығы мен жаттықтырушылар бар.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмурат Мұталипов — «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, вице-президент Дархан Қызайбаев, ҚР ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, федерацияның атқарушы директоры Рауан Игенев, бас хатшы Мерей Ақшалов, ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин — «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар әйелдер құрамасының дәрігері Әйгерім Жекеева, ерлер құрамасының дәрігері Талғат Құқанов, физиолог Ерсқлтан Жолдасов, массаж жасаушы Әлібек Әбілов — министрліктің алғыс хаттарына ие болды.
Жеке бапкерлер — чемпиондарды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, спортшылар мен жүлдегерлер қатарында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Аида Әбікенова,
Наталья Богданова және Елдана Тәліпова — құрмет грамоталары мен ақшалай сыйақыларға ие болды.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды.
14-15 тамызда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қызметінен кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық