Қазақстандық бітімгерлердің жанұялары сарбаз қайтыс болған жағдайда қанша алады?
Қазақстандық бітімгерлер отбасыларына берілетін қаржылық кепілдіктердің көлемі Қазақстан мен БҰҰ арасындағы меморандумды ратификациялау туралы заң жобасында көрсетілген.
Қорғаныс министрлігі тиісті жобаны ашық құқықтық актілер сайтында орналастырды. Құжатта БҰҰ бітімгерлерге Голан жоталарында болғаны үшін ай сайын 1448 доллар төлейтіні айтылған. Сондай-ақ күнделікті жәрдемақы мен еңбек демалысының мөлшері де көрсетілген.
«Контингент қызметкер тікелей далалық миссиядан 1,28 доллар көлеміндегі күнкөріс жәрдемақысын, сонымен қатар әр алты ай сайын 15 күндік демалыс үшін күніне 11,50 доллар көлемінде жәрдемақы алады»
Сонымен қатар, бітімгерлер COVID-19 зерттеуіне қатысқаны үшін айына 4,90 доллар алады.
Ал қайтыс болған немесе мүгедек болған жағдайда Халықаралық ұйым құрбанның отбасына 77 000 доллар көлемінде өтемақы төлейді.
«Бас Ассамблеяның 2018 жылғы 5 шілдедегі 72/285 нұсқауы өлім мен мүгедектіктің ағымдағы мөлшерлемесін 77 000 доллар деңгейінде белгіледі» делінген құжат жобасында.
Жеке төлемдерден бөлек, бітімгершілік күштерді пайдалану үшін Қазақстан үкіметіне жылына миллион доллар бөлінеді. 139 адамды Таяу Шығысқа жіберу туралы шешім осы жылдың қаңтар айында жарияланған болатын.
Жаңалықтар
- Трапмқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды