«Қазақстандық бір марқұмның туысына берілді»: Ресей AZAL апатында мерт болғандардың жақындарына өтемақы төледі
Фото: Orda.kz
Ресейдің сыртқы істер министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін сақтандыру міндеттемелері орындалмады деген хабарларды теріске шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство БАҚ-тағы және Telegram-арналардағы ақпараттарды «жалған және оқиғаны пайдалану» деп атады.
«АльфаСтрахование сақтандыру компаниясы төлемдерді ақпанда бастаған. Әуе кемесіне келтірілген залал толық өтелді. Жалпы 1,003 миллиард рубль. Сондай-ақ 62 жолаушының 46-сының қаза табуына немесе жарақат алуына байланысты талаптар реттелді. Соның ішінде Қырғызстанның үш азаматы мен 38 әзірбайжандықтың 35-і бар. Төленген өтемақының қазірдің өзінде 358,4 миллион рубльге жетті» деп жазылған мәлімдемеде.
Қазақстаннан 6 жолаушы осы апатта қаза болған еді. Соның біреуінің туысына өтемақы берілді.
«Рейстегі 62 жолаушының 46-сының жарақаты мен қазасы бойынша талаптар толығымен қанағаттандырылды: 15 ресейлік азаматтың – 7-іне; 38 әзірбайжандық азаматтардың – 35-і үшін; барлық 3 қырғыз азаматы үшін; 6 қазақстандықтың біріне өтемақы берілген» деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Еске сала кетейік, Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Ақтау маңында құлаған «Azerbaijan Airline» (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауын қасақана шабуыл деп санамайтынын айтты. Алайда апатқа кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық