Қазақстандық биатлоншы 1994 жылдан бері алғаш рет Хрусталь глобусты ұтып алды
Фото: Cristian Toninelli/IBU
Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов қысқы спорт түрлерінен Әлем кубогының жалпы есебінде топ жарып, Қазақстан тарихында алғаш рет биатлоннан «Хрусталь глобус» марапатын жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Хамитов бұған дейін ММА және грэпплинг бойынша ел құрамасының мүшесі болған. 2017 жылдан бастап паралимпиада биатлоны мен шаңғы жарыстарына ауысқан. Бұған оның қастандық салдарынан алған оқ жарақаты себеп болды.
2023 жылы Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанса, 2024 жылы биатлоннан әлем чемпионы болды. 2024-25 маусымының қорытындысы бойынша ол Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, Хрусталь глобусқа ие болды.
«Бұл – армандаған жетістік! Бұған дейін біз тек армандап келдік, ал қазір бұл шындыққа айналды. Қазақстан спорты тарихында өз атымды қалдырғаныма қуаныштымын», — деді Ербол Хамитов.
Бұған дейін Қазақстаннан ешбір паралимпиадашы биатлон бойынша Әлем кубогының жалпы есебін жеңіп көрмеген. Бұл жетістік Олимпиада чемпиондарына да бұйырмаған. Хрусталь глобусты Қазақстанға соңғы рет 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов әкелген болатын.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді