Қазақстандық авторлардың кітаптары Ресейдегі сатылымнан алынып тасталды
Фото: Elements.envato.com
Журналист Олег Кашин facebook-парақшасында ресейлік «Альпина» басылымының жіберген хатын ұсынды. Хатта сатылымнан алынатын кітаптар жазылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы тізімде 25 кітап бар. Сол авторлардың тізімінде Ресей, Қазақстан, АҚШ, Германия, Израиль және Ұлыбритания азаматтары бар.
Қазақстандық авторлардың мынадай шығармаларын алып тастау ұсынылды:
- «Однажды в Казахстане», авторы Анастасия Нам — қазіргі қазақ прозасы. Шығармада абьюзерлердің қарым-қатынасы, жұмыс орнындағы харассмент және қиындықтарды еңсеру тақырыптары көтеріледі;
- «Звёзды за той темнотой», авторы Виктор Пораско — мистикалық триллер. Қорқынышты және драмалық элементтерге толы бұл шығармада мектептегі буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық, психологиялық жарақаттар мен кісі өлтіру оқиғалары суреттеледі;
- «Жакоша», авторы Саша Левин — бұрынғы журналист жайлы қорқынышты жанрда жазылған роман. Шығармада түрлі нәрсеге тәуелді болған басты кейіпкер өзімен-өзі күреседі.
Сатылымнан алынбақ болған басқа кітаптардың арасында көркем әдебиет те, нон-фикшн де бар. Сол нон-фикшн кітаптарының тақырыптары жыныстық қатынас, саясат, ер мен ердің, әйел мен әйелдің қарым қатынасы, дін және театрға қатысты.
Неліктен дәл осы авторлар мен шығармаларды алғаны отырғанын нақты түсіндірілмеді.
Еске сала кетейік, 23 маусым күні белгілі жазушы, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық