Қазақстандық алғашқы әйел ғарышқа ұшты
Фото: Кеме ғарышқа аттанар алдында II Blue Origin трансляциясының скриншоты.
Данна Қарақұсова Blue Origin NS-36 миссиясы аясында New Shepard кемесімен суборбиталық ұшуды орындап, Қазақстаннан ғарышқа ұшқан алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Компания «астронавтар ауылында» дайындық кадрлары мен зымыранның ұшу сәтін көрсетті. New Shepard NS-36 зымыранының ұшуы Астана уақытымен сағат 18:41-де Техас штатындағы Launch Site One алаңында болды. Ғарышқа ұшпас бұрын команда соңғы рұқсат пен жаттығулардан өтті. Барлық ұшақ мүшелері New Shepard капсуласына отырмас бұрын салтанатты қоңырау соқты. Бұл Blue Origin-дің символдық рәсімі, теңіз және авиация дәстүрлеріне сияқты миссияның соңғы кезеңінің басталғанын, уақытша қоштасу мен тікелей ұшуға шығу сәтін білдіреді.
Ұшуға дейін Blue Origin NS-36 экипаж эмблемасымен таныстырды, оның әрбір элементі экипаж мүшелерінің жеке тарихын және ұшу аймағын бейнелейді.
- Қазақстан таулары — Данна Қарақұсова үшін жеке символ және үлкен іске қатыстылығын еске салу.
- Ай мен Жер — коммерциялық ұшулардың болашағына көзқарас.
- Экипаж капсуласы, Карман сызығын кесіп өтетін New Shepard траекториясы.
- Жұлдызды аспан — Украина, Виталий Островскийдің туған елінің символы.
- Көкірекке салынған якорь — Аарон Ньюманның ғылым мен мұхиттарды қорғауға деген құштарлығы.
- «Меркурий» капсуласы — алғашқы америкалық астронавт Алан Шепардқа құрмет және ғарышқа қатысты арман.



Сондай-ақ, миссияның құпия қатысушысы да белгілі болды. Оның аты — Уильям Льюис, ол биотехнология саласындағы инновациялармен айналысады. Ал Қарақұсова «астронавтар ауылынан» сезімімен бөлісті.
«Мұнда әр минут — баға жетпес уақыт. Мен бәрін толық бөлісе алмаймын, дәл қазір маған есте сақтау, сезіну, сөйлеу, көзге қарап шынайы болу маңыздырақ әрі бар назарым дәл осы сәтте. Осы сәтті бар жан-тәніммен сезініп, есте мәңгіге сақтағым келеді. Экипаж мүшелерімен біз жай ғана кеңістікті емес, жолды бөлісеміз. Мұнда кездейсоқ адам жоқ. Әрқайсымыз өз қиындықтарымызбен, күмәндәр мен сынақтардан өтіп сарқылмас сенімнің арқасында келдік. Мүмкін, дәл осы себептер біздің ғарышқа деген қадамымызды терең әрі шынайы сездіріп жатыр», – деді Қарақұсова.
Қатысушылар ұшу кезінде үш есе күш әсерін сезінгені трансляция кезіндегі қорқынышқа толы айқайларынан білінеді. Бұл таңқаларлық емес, себебі зымыран 100 шақырым биіктікке көтерілді, содан кейін экипаж шамамен 10 минут салмақсыздықта болды, ал қайтып оралу және қону қысқа уақытқа шамамен бес есе күш әсерін сезіндіреді. Бұл дайындалған адамдар үшін толықтай көтерілетін деңгей болып саналады.
Зымыранның ұшырылуы мен капсуланың қонған толық видеосын мына жерден көруге болады.
Ал Данна Қарақұсованың кімнің еліміздегі қай депутаттың қызы екенін әрі немен айналысатынын мына материалдан оқи аласызда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық