Қазақстандық 7 айлық нәресте шетелден табылды
Фото: freepik.com
Оқу-ағарту министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитеті 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан табылғанын айтты. Нәресте балалар үйіне жөнелтілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нәресте Қазақстанға жеткізілді. Ол тексерілу үшін балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Оқу-ағарту министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова медициналық шаралар аяқталған соң нәресте «Балалар үйі» мекемесіне жіберілетінін айтты.
«Біз үшін әрбір баланың қандай жағдайда болмасын қажетті қолдау алғаны маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін істейді», - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы.
Жаңалықтар
- Мексикадағы атыс кезінде турист қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты