«Қазақстанды танытқаныма мақтанамын» — Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жасады
Фото: WTA
Теннисші Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлеріне арнап үндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Теннисші жанкүйерлеріне қолдау көрсеткердері үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның атынан өнер көрсеткеніне мақтанатынын айтты.
«Қымбатты достар, сүйікті жанкүйерлерім! Стадионда, экран алдында, хаттарыңыз бен жылы сөздеріңіз арқылы білдірген қолдауларыңыз үшін әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Мен Қазақстан атынан өнер көрсетіп, сіздерге қуаныш пен жеңіс сыйлай алғаныма мақтанамын. Әсіресе, барған сайын көбірек жастардың қолына ракетка алып жатқанын көргенде ерекше қуанышқа бөленемін. Егер менің ойыным сіздерді армандауға, еңбектенуге және өз-өзіңізге сенуге шабыттандырса, бұл менің ең үлкен жеңісім. Алда аздап демалыс пен жаңа дайындық күтіп тұр. Жеңіске жеткен сәттерде де, қиын күндерде де менімен бірге болғандарыңыз үшін рақмет. Сіздердің сенімдеріңіз — менің тірегім. Алаңда кездескенше! Алға, Қазақстан!» деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен маусым қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы турнирде Рыбакина алғаш рет чемпион атанды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық