Қазақстандағы жасөспірімдердің есірткі қылмысына қатысуының басты себебі
Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттер мен мектеп оқушыларының есірткі сатушылардың оңай олжасына айналу себебін түсіндірді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жастардың есірткі қылмысына баруының басты себебі – жазаның ауырлығын сезінбеуінен.
Полиция қызметкерлері студенттер арасында жүргізген сауалнамасы олардың есірткіге қатысты кез келген әрекеттің міндетті түрде ұстауға және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкелетінін түсінбейтінін көрсетті.
«Студенттер мен жасөспірімдер есірткі сатушылардың оңай олжасына айналады. Тәуелсіз өмір жолын бастап, бос уақытында ақша табуға тырысқан жастар кез келген заңға қайшы әрекеттердің жауапкершілігін сезіне бермейді», - дейді Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Ол жастардың есірткіге қатысты барлық әрекеттерге толық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
«Есірткі тығушы немесе есірткі курьері 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Интернетте есірткіні жарнамалағаны, насихаттағаны, кейбір дәрі-дәрмек туралы форумдарда оң пікір жазғаны үшін үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Бақытжан Әмірханов.
Жаңалықтар
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды