Қазақстандағы университет ТМД-да бірінші болып QAA аккредитациясына ие болды
Фото: Ашық дереккөзден
Maqsut Narikbayev University Ұлыбританияның үздік университеттері бағаланатын стандарттарға сәйкестігін растады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Алматы қаласында Maqsut Narikbayev University-ге QAA институционалдық аккредиттеуден өткені туралы сертификат ресми түрде табысталды. Бұл аккредиттеу университеттің Британдық және халықаралық жоғары білім сапасының стандарттарына сәйкес келетіндігін растайтын құжат.
Quality Assurance Agency (QAA) – Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттігі. Бұрын QAA сарапшыларымен сыртқы бағалаудан өткен жоғары оқу орындар қатарына Russel Group-ке кіретін Ұлыбританияның үздік университеттері, соның ішінде University of Oxford, University of Cambridge, King's College London және тағы да басқа оқу орындары кіреді. QAA сарапшылары ұлттық және аймақтық есептерді үнемі жариялап отыратын халықаралық жоғары білім беру талдаушылары. Осы агенттіктің стандарттарына сәйкестік - университеттің академиялық мәдениетінің жоғары деңгейін растайтын маңызды жетістік.
Яғни, MNU түлектерінің дипломдары Ұлыбританияның үздік Жоғары оқу орындарының дипломдарымен қатар танылатынын білдіреді. Аталмыш аккредиттеуден өту кезінде жоғары оқу орнын басқару моделінің тиімділігіне, Академиялық адалдық қағидаттарына, студенттермен байланыс, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету тетіктерінің тиімділігіне ерекше назар аударылады.
«ТМД-да бірінші болып QAA Британдық аккредитациясын алған Maqsut Narikbayev University - өз мысалында Қазақстанда халықаралық деңгейге және жоғары білім сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетін университеттер бар екенін дәлелдей алды. Еліміздің басқа жоғары оқу орындары да Maqsut Narikbayev University жеткен сапа деңгейіне ұмтылуы тиіс. Бұл университет ағымдағы жетістіктерінде тоқталып қалмай, «кемелдікке шек жоқ» қағидаты бойынша әрекет ететінін атап өткім келеді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
«Біздің университеттің басты миссиясы – сапалы білім беру арқылы Қазақстан халқына қызмет ету. Оқу ордамыздың халықаралық деңгейдегі тұрақты жетістіктері - біздің жоғары талаптарға берік екенімізді айғақтап, әлемдегі ең мықты университеттердің деңгейіне бір қадам жақындатады»,- деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.
Бұл аккредитация университеттің постаккредитациялық бақылаудан қанағаттанарлық нәтиже алу шартымен 5 жыл мерзімге жарамды. Университетке арнайы жекелендірілген QAA аккредиттеу белгісін қолдануға, оны ресми парақшаларда жариялауға және оны түлектердің дипломдарына орналастыруға ресми түрде рұқсат берілді.
«QAA Maqsut Narikbayev University аккредиттеу үдерісінің сәтті аяқталуын қуанышпен құттықтайды. Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен қуана жұмыс атқардық, болашақтағы ынтымақтастығымызды асыға күтетін боламыз», - дейді QAA аккредиттеу және кеңес беру бөлімінің басшысы Крис Бланд.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық