«Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесі» Лёха Маймыштың Дикий Арманға қандай қатысы бар?
Айтқали Маймышев (оңнан төртінші) әріптестерімен бірге. Фото: Прайм Крайм
Неліктен кейбір әлеуметтік желі қолданушылары «Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесінің» өлімінің себебі суицид емес деп есептейді ? Ал оның өміріне Дикий Арманның қандай қатысы болғанын Orda.kz бяндайды.
«Лёха Семипалатинский» және «Лёха Маймыш» атты лақап аттармен танымал. Айтқали Маймышевтің қайтыс болғанына 2 айға жуық уақыт өтті. Бірақ оның өлімі туралы қауесеттер әлеуметтік желіден әлі де кездестіруге болады. Кейбір «тəжірибелі» блогерлер оны өз-өзіне қол салған деп есептемейді, себебі ол өмірді тым жақсы көрген екен. Олардың пікірінше, кінәлілерді ФСБ қызметкерлерінің арасынан іздеу керек, себебі олар қылмыстық авторитеттің өліміне қатысы болуы мүмкін.
Ресейдің федералдық жазаларды орындау қызметі мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігі Маймышевтің өліміне қатысты ешқандай ресми пікір білдірмеді. Алайда, Orda.kz тілішісін желі қолданушылардың нұсқасы қызықтырды.
Сонымен оның өлімінің шынай себебін жасырды ма?
Еске салсақ, ресейлік «Прайм Крайм» басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы 9 қазанда Маймышевті Карелиядағы ИК-1 қатаң режимдегі колониясында асылып тұрған күйінде тапқан. Ол заңсыз есірткі айналымы мен ірі ұры кастасының мүшесі болғаны үшін жазасын өтеп жатқан. Мәскеудің қалалық соты тағайындаған 9 жылдың ішінде ол 1 жылдан астам уақытын түрмеде өткізді. 2023 жылғы 13 қазанда Маймышевты туған жері Абай облысында жерледі.
Украиналық блогер Гриша Московский өзінің YouTube арнасында Лёха Маймышқа қатысты арнайы видео шығарды. Бастапқыда оған есірткі лақтырып қылмыстық іс қолдан жасаған. Блогердің айтуынша, Лёха колонияда өлітіріп, сосын суицид қылып көрсеткен. Себебі ол ФСБ қызметкерлерімен ымыраға бармаған.
Тағы бір ресейлік блогер Владимир Хозинскийдің айтуынша, Маймыш Ресей түрмесінде отырған кезде басқа қылмыскерлерге арнап үндеу жасап үлгерген. Ол өз көзқарасын анық атап айтып, Ресейдің арнайы әскери операциясын қолдамайтынын жеткізген. Хозинскийдің айтуынша, бұл оның өліміне себеп болған.
Ғаламтордан Маймыштың ресейлік тұтқындарға жасаған үндеуін іздеп мониторинг жасадық, бірақ нәтиже болмады. Соңғы 2 жылда Ресейде көптеген танымал платформалар бұғатталған, сондықтан Лёха Маймыштың үндеу жасауы өте қиын болған. Алайда оның бар екені туралы ақпаратты көптеген әлеуметтік желі қолданушылары растайды.
Олардың бірі, hotgames 5651 деген никі бар қолданушы, 2 заңды ұрының СВО-ға қатынасы арасындағы айырмашылыққа назар аударған. Оның айтуынша, Ресейде танымал вор в законе Шакро Молодой үндеу жасап, Украинамен соғысып, отанға қызмет ету қалыпты жағдай деген пікір айтқан. Ал Маймыш керісінше, тұтқындардың бауырлас елмен соғысуға қарсы болған. Нәтижесінде, Шакро биыл шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықса, ал Лёха колонияда асылып қалған күйде тапылды.
Біз Ресей құқық қорғау органдарының Маймышевтің өлімі бойынша өзін-өзі өлтіруге жеткізу туралы қылмыстық іс ашқаны жайлы білмейміз. Нақты ақпарат жоқ. Бірақ, отандық уәкілетті органдарға бұл сұрақты қою қажет деп ойлаймыз. Қайтыс болған адам ҚР азаматтығын иеленген болатын, ал оның өліміне қатысты жағдайлар күмәнді. Неге барлық мәліметтерді анықтап, ресми ақпарат беріп, қоғамда осы дауға қатысты орын алған пікірді тоқтатпасқа?
«Бүлікшіл жан»
Лёха Маймыш туралы материал дайындап жатқанда, біз интернетте оның Дикий Арманмен бірге түскен бірнеше суретін таптық. Бұл бізді біраз таң қалдырды, себебі Арман Әзірбайжандық атақты ұры Лоту Гулидің қарамғындағы адамы ретінде танымал болатын. Лоту Гули 2020 жылдың тамызында Анталияда өлтірілген еді.
Сонымен, Лёха мен Арманды не байланыстырып еді? Біз бұл сұрақты Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары арқылы оған жолдадық. Міне, алған жауабымыз.
«Мен Айтқалиды рухы мықты, қазақ даласының нағыз батыры деп санаймын. Ол қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың туысы және жерлесі болғанын мақтан тұтатын. Айтқалиді абайтанушы деуге әбден лайық еді. Ол классиктің көптеген шығармаларын, соның ішінде әйгілі Қара сөздерін әдеби қазақ тілінен әдеби орыс тіліне аударған. Мен онымен Гранитка лагерінде таныстым. Бұл лагерьде тұтқындарды өлтіріп, зорлап, кейін оларды Гарем деп аталатын бараққа қамайтын. Айтқали мені сол лагерьде бүлік бастағанымда қолдады, содан кейін арамызда өте жақын қарым-қатынас орнады. Мен толық сеніммен айта аламын ол өз халқының лайықты ұлы еді. Ол қай жерде болмасын, әрдайым қазақтардың мүддесін қорғайтын», – деді Дикий Арман жауабында.
Жұмагелдиевтің айтуынша, Лёха Маймыш Қазақстаннан шыққан ескі формациядағы жалғыз «заңды ұры», оны одақтас «ұрылар» мойындап, құрметтеген.
«Оның есірткі мен үлкен ақшаларға қатысы бар деген әңгімелер шындыққа жанаспайды. Айтқалидың рюкзагындағы заттарынан басқа ештеңесі болмаған. Меніңше, оны Ресейдің режимдік лагерінде өлтіріп, іліп қойған. Себебі ол сынбады және әділетсіздікке бас иіп, тізе бүкпеді. Өз таңдауына және өмірлік қағидаларына адал қалды», — дейді Жұмагелдиев.
Жаңалықтар
- «Шахтёр» футбол клубы ресми түрде сатылды
- Астанада жоғалған мектеп оқушысының денесі өзеннен табылды
- Ақтаудағы AZAL ұшағының апаты: тергеу қашан аяқталады?
- Ақтауда танымал видеограф зорлық жасады деген айыппен қамалды
- Қарағанды маңындағы жол апатынан 5 адам мерт болды: Сот жүргізушіге үкім шығарды
- «Полиция басшылығы жемқор»: ІІМ Маңғыстау полициясын аяғынан тік тұрғызды
- Джеффри Эпштейннің құжатында Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты аталды
- Алматы – Бішкек тасжолындағы жол апаты алты адамның өмірін жалмады
- ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысы: Таалатбек Масадыков 1 қаңтардан бастап қызметке кіріседі
- Ант қабылдау шарасында әскери қызметкер өз басын бөтелкемен жарып, көзінeн айырылды
- Атышулы «Айка» бостандыққа шықты
- Алматы тұрғынын азаптағаны үшін сотталған экс-полицейдің жаза мерзімі ұлғайды
- «3 адам көз жұмды»: ШҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты
- Түркістан қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты
- Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндады
- Ақтөбеде жетімдерге сапасыз жатақхананы үй ретінде ұсынған депутаттар сотталып жатыр
- Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
- Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өзінің гетеросексуал екенін айтты
- Павлодардағы кеніште 31 жастағы жұмысшы жігіт қаза тапты
- Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды