Қазақстандағы ірі әуе компаниялары тұтынушыларды алдаған – көлік прокуратурасы
Бас көлік прокуратурасында Үйлестіру кеңесі өтті. Кеңесте қадағалау органы өкілдері жеңілдіктер мен рейстердің кешігуіне байланысты өтемақыларды бақылаудың жаңа шараларын талқылады.
Белгілі болғандай, бұған дейін кейбір әуе тасымалдаушылары ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтамақ түгілі, жолаушылар құқықтарын да ескермеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар, тасымалдаушылар халықаралық рейстерде 2 жастан 12 жасқа дейін, ал ішкі рейстерде 2 жастан 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларға 50 пайыздық жеңілдіктер қолдану талаптарын сақтамаған.
«Мәселен, ірі авиакомпаниялардың бірі веб-сайтта билеттерді сатқан кезде жолаушыларға 11 жасқа дейінгі балалар тарифін қолданады, ал заң бойынша ол 15-жасқа дейін болу керек. Ал билеттерді агрегаторлар арқылы (сатып алуға арналған онлайн өтінімдер) билеттер) сатып алғанда, «жеңілдік» мүлде қолданылмайды. Бұған дейін прокуратураның актісіне сәйкес FlyArystan және Qazaq Air әуе компаниялары халықаралық рейстерде «балаларға жеңілдік» бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған» деп хабарлады мекеме.
Азаматтық авиация комитетіне кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктердің дұрыс қолданылуын жүйелі бақылауға мүмкіндік беретін алгоритм әзірлеу, сондай-ақ жолаушыларды әуе тасымалы саласындағы қызметтерді дұрыс көрсетпеу туралы хабардар етуді міндеттейтін заңнамалық түзетулер енгізу тапсырылды.
Бұл ретте, Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті мүдделі органдармен бірлесе отырып, әуе компанияларынан рейсті кешіктіргені үшін айыппұл (әр сағатқа билет құнының 3%) өндіріп алу үшін сотқа шағымдану, сондай-ақ балалар билеттері үшін артық төленген соманы қайтару мәселесін зерделейді.
«Осымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жолаушыларды кешігулер туралы уақтылы хабарламау, балаларға, мүгедектерге жеңілдікті қызметтерді көрсетпеу сияқты құқық бұзушылықтарды бөлек көрсететін бірқатар түзетулер енгізу мәселесін пысықтау жоспарлануда» деп нақтылады бас көлік прокуратурасы.
Отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін талқылай келе, бірінші кезекте мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл процестерін цифрландыруға, сондай-ақ объективті бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шешімдер қабылданды.
Енді «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әуеайлақ аймағында жер телімдерін беруді шектейтін болады. Сондай-ақ кеңес мүшелері жолаушыларға авиакомпаниялар мен әуе тасымалы қызметін көрсететін басқа да субъектілердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне QR кодтарын пайдалана отырып, электронды шағым беру туралы ұсынысты қолдады.
«Жалпы, прокуратураның жалпы үйлестіруімен цифрландыру мәселесінде белгілі нәтижелер бар. Қазір Авиация әкімшілігінің деректер базасы Денсаулық сақтау министрлігі жүйесімен біріктірілген, бұл уәкілетті тұлғаларға онлайн режимде ақпарат алуға мүмкіндік береді» деді көлік прокуратурасы.
Барлық тапсырмалар бойынша нақты мерзімдер белгіленді және олардың орындалу барысы Үйлестіру кеңесінің Хатшылығының бақылауында болады.
Бұған дейін алдағы екі жылда Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін екені белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық