«Қазақстандағы еттің қымбаттауы сұраныстың көптігінен» - АШМ басшысы
Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр ет бағасының қымбаттауына қуаңшылықтың қатысы жоқ екенін айтты.
«Себеп қуаңшылықта емес. Өткен жылы жазда қуаңшылық болып, былтыр қалыпты өнім алдық. Екі жыл бұрын астықтың қанша тұратынын, қазір қанша тұратынын өздеріңіз көріп отырсыздар. Теңгерімді азықтандыруға жем-шөбіміз жеткілікті – бұл өте арзан, шамамен 50 мың теңге. Сондықтан құрғақшылық ет құнына әсер ете алмады», – деді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша, бағаға Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың жоғары болуы әсер еткен.
«Аймақтарда етті белсенді түрде сатып алады, салдарынан делдалдар да бағаны көтере бастайды. Бірақ қазір жағдай біртіндеп тұрақталды. Мен кеше ет жеткізумен айналысатындармен сөйлестім. Бағаның келісі 2700 теңгеден басталып, 3300 теңгеге дейін жетеді, ең қымбатын 3500-ге таба аласыз. Бірақ жалпы ет жеткілікті. Баға болжамына келетін болсақ, мен алдын ала айта алмаймын, өйткені бұл бөлшек сауда желілеріне қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде біздің жұмысымыз өндірісті қамтамасыз ету. Сауда департаменті мен облыстық билік үстеме бағалар мен шекті бағаларды бақылауға жауапты», - деп қосты Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрі Ресейге Қазақстаннан барған тауық етіндегі «қауіпті бактерия» туралы да сөз қозғады.
Министр Ресейдің мәлімдемесін растамады. Ол Қазақстаннан Ресейге барған тауық етінде қауіпті бактериялар анықталмағанын айтты.
«Біз қауіпсіздік үшін өзіміз тексердік, сынақтар алдық. 10 ақпанда нәтижелер шықты. Бәрі дұрыс. Бұл жерде бәсекелестік және басқа да мәселелер болуы мүмкін. Бірақ жалпы жұмыс жүріп жатыр, әрі қарай да экспорттай береміз», – деді Сапаров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық