Қазақстанда желідегі контенттердің көбі орыс тілінде шығады — сарапшы пікірі
Фото: GETTY IMAGES
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС-қа берген сұхбатында «Қазақстанда халықтың 95%-ы орыс тілінде сөйлейді» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы саясаттанушы, сарапшы Ғазиз Әбішев Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, Абаевтың бұл мәлімдесінің нақты саяси мақсаты бар екен. Бірақ сарапшы жағдайдың біршама өзгеше екенін атап өтті.
«Халықтың 95%-ы орыс тілін түсінетін шығар. Өйткені мультфильмдер, фильмдер мен сериалдар, YouTube-тегі бейнелер, Тик-токтағы бейнелер орыс тілінде көбірек көрсетіледі. Менің ойымша, тек қазақ тілінде сөйлейтін және орыс тілінде сөйлемейтін халықтың үлесі айтарлықтай өсті. Субъективті түрде олар халықтың кем дегенде 10-12%-ы және бұл үлес жылдан жылға артып келеді. Алдағы жылдары олардың саны тағы өсуі мүмкін. Қазақшаны толық түсінетіндер, бірақ әңгіме айтуға дайын емес адамдар да бар» деп жазды Ғазиз Әбішев.
Сонымен қатар, сарапшы қазақ тілі — мемлекеттік тіл екенін және қолдау басым болу керегін жазды. Ол фильмдерді қазақ тіліне толық дыбыстау және кинотеатрлардағы киноларды мемлекеттік тілге аудару қажеттігі туралы айтты.
Ғазиз Әбішев орыс тілін азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын пайдалы құрал деп атады.
«Әлемнің жартысы екі немесе одан да көп тілді елдерде тұрады және бұл ыңғайсыздық тудырмайды. Бұған Швейцария, Израиль және Сингапур мысал бола алады. Алайда, өкінішке қарай, жекелеген белсенділер, қоғам қайраткерлері және тіпті саясаткерлер үшін мемлекеттік тілді қолдау орыс тіліне қарсы тұрудың синониміне айналды. Ал орыс тіліне деген адал көзқарас мемлекеттік тіл мүддесіне опасыздық жасаудың синонимі болды. Бұл, әрине, әділетсіз. Қазақ тілі орыс тілінің жанында тұрып та дами алады. Шын мәнінде орыс тілі бұған кедергі бола алмайды. 30 жыл ішінде қазақ тілінде сөйлеушілерінің саны 7-8 есеге өсті, бұл адамзат үшін рекордтық қарқын» деп жазды ол.
Сарапшы орыс тілі бір жарым — екі онжылдықта бәсекеге қабілеттіліктің нақты факторы болып, осы уақыт аралығында қазақ азаматтарының барлығы мемлекеттік тілді озық әрі еркін меңгереді деп топшылады.
Айта кетейік, Астанада көлік ұрлаған 18 жастағы жігіт қағып кеткен азамат қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық