Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Фото: abai.kz
Қазақстанда «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі пайда болды. Оны құру туралы Үкімет қаулысына сейсенбі, 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Үкіметтің баспасөз қызметі жаңа қызметтің жұмыс бағыттарын тізіп берді. Соның бірі – жер асты суларының кен орындары мен учаскелерін, сондай-ақ гидрогеологиялық су алатын ұңғымаларды толық түгендеу. Бұл «кең көлемді дерекқор» қалыптастыруға мүмкіндік береді: оған 4,3 мыңнан астам барланған кен орындары мен пайдаланылатын қорлары мемлекеттік балансқа енгізілген жер асты суларын учаскелері кіреді.
«Қазгидрогеология» жер асты суларының автоматтандырылған мониторингі жүйесін енгізу арқылы гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен де айналысатын болады. Тағы бір бағыт – Қазақстанның су тапшы өңірлеріндегі бар жер асты су ресурстарының көлемін ұлғайту бойынша іздеу-барлау жұмыстары. «Сонымен бірге, халықты және экономика салаларын жер асты суларымен, оның ішінде суару мақсатындағы сумен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Қазгидрогеология» жер асты суларын іздеу, барлау және гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі қызметке лицензия береді. Сондай-ақ, жаңа қызмет «Жылуэнергетика, жылыжай және балық шаруашылығы қажеттіліктері үшін жер асты суларының (баламалы энергия көзі) геотермалдық ресурстарын пайдалану бойынша практикалық жұмыстар» жүргізеді.
«Анықталған шаралар барлық деңгейдегі су шаруашылығы саласындағы басқару мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық