Қазақстанда терроризм туралы жалған қоңыраулар көбейді
Ішкі істер министрлігі 2023 жылы лаңкестік актісі туралы жалған хабарламалар өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскенін хабарлады.
Биылдың өзінде мұндай 160 қылмыстық іс тіркелсе, былтыр 10 айда 141 болған.Осындай қоңыраулар мен хабарламалар үшін барлығы 39 адам жауапқа тартылып, оның 12-сі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру және шектеу жазасына кесілген.
«Сонымен қатар, жалған миналау көбінесе көлік инфрақұрылымы, білім беру, денсаулық сақтау және сот объектілері бар. Естеріңізге сала кетейін, бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Жалпы, биыл полиция 14 кәмелетке толмаған жасөспірімді қасақана жалған лаңкестік әрекеттер жасағаны үшін ұстады. Алматыда – 6, Қарағанды облысында – 4, Астана, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында бір-бірден. Сондай-ақ олардың ата-аналары балаларын тәрбиелеуге тиісті шара қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұл салынды», - деді ІІМ Экстремизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Азамат Хасенов
Қылмыстық кодекске сәйкес, терроризм туралы жалған хабарлар үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш (17 миллион теңге) көлемінде айыпұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сонымен қатар, сот нысанға келтірілген залалды өтеуге мәжбүрлейді. Бұл сома бір нысанға қоңырау шалу үшін 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін ауытқиды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық