Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды
Қазақстанда сұйытылған газ тапшылығы мен оның бағасының өсуі күтілуде.
Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, кейбір аймақтарға газ Ақтөбе облысындағы зауыттан жеткізіледі.
«Осыған байланысты, өнімдерді алдын ала төлеу және Қазақстан бойынша жеткізу мәселелеріне байланысты кейбір өңірлерде сұйытылған газды жеткізуде уақытша үзіліс жоспарланған болатын. Қазір, өздеріңіз білетіндей, Атырау мұнай өңдеу зауыты толық қуаттылыққа шығуда. Қазірдің өзінде каталитикалық риформинг қондырғыларының бірінші кезеңі, каталитикалық крекинг іске қосылды»,- деді Сәтқалиев.
Жақын күндері зауыт толық қуатпен жұмыс істеп, мәселе шешімін таппақ. Сәтқалиевтің айтуынша, қиындықтар жеткізу мен операторлардың тиімділігіне байланысты туындады.
Елімізде мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын тұтыну айтарлықтай өсті.
«Мен автокөлік жүргізушілерінен көліктерін қайта жабдықтауды әзірге тоқтата тұруды сұрадым, өйткені қазір ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газы өз құнынан төмен жеткізіліп жатыр. Осыған байланысты өндірушілердің бұл газды жеткізуге ынтасы жоқ. Сұйытылған мұнай газы «біздің ірі мұнай-химиялық жобаларымызда шикізат ретінде пайдаланылатын болады. Өздеріңіз білетіндей, біз полипропилен жобаларын бастадық, оның жобалық қуатына жетеді»,- деп қосты министр.
Сәтқалиев жақын арада баға болжамын беруге уәде берді. Баға ең болмағанда өзіндік құнына дейін жеткізу үшін кезең-кезеңімен өседі. Қазір Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы 50-80 теңге аралығында. Бұл ретте оның өзіндік құны ең төмен дегенде 110 теңге.
«Бірақ біз бұл бағаны бірден белгілеуді жоспарлап отырған жоқпыз, яғни ол бірте-бірте көтеріледі. Сонымен қатар, зауытты қажетті жаңғыртуға қатысты айтсақ, өздеріңіз білетіндей, «ҚазМұнайГаз» айтарлықтай ауқымды инвестиция салып жатыр, атап айтқанда, ҚазМӨЗ жаңа құрал-жабдықтарды салуда. Бұл өнімнің соңғы бағасына да әсер етеді»,- деп қосты Сәтқалиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық