Қазақстанда ресейлік миллиардердің компаниясына 24 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Envato
Павлодарда KDV Kazakhstan компаниясы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 24 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, фирма көтерме саудагерлерге арналған бірдей өнімдерге әртүрлі баға қойған. Компанияның «Яшкино» және O ' Zera брендтеріндегі тәттілерге қойған бағасы кондитерлік өнімдердің көтерме нарығындағы бәсекелестікті шектеді.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері расталды. Іс материалдары сотқа беріліп, компания жауапқа тартылды. Енді KDV Kazakhstan айыппұлды бір ай ішінде төлеуі тиіс.
«KDV Kazakhstan» ЖШС KDV Group ресейлік азық-түлік холдиңгіне жатады. Оған 15 фабрика және 700-ден астам өнім түрі тиесілі. Холдингтің өнімі Қазақстанға және ТМД-ның басқа елдеріне жеткізіледі. KDV Group-ты ресейлік кәсіпкер Денис Штенгелов құрған. Оның байлығы Forbes-тің 2023 жылғы ақпараты бойынша, шамамен 1,3 миллиард долларға бағаланды.
Айта кетейік, ел бюджетінің тапшылығы 5,8 трлн теңгеден асты. Ал сыртқы қарыз 172,8 млрд долларға жетіп, бұрын-соңды болмаған тарихи рекорд орнатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық