Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
Фото: ҚазАқпарат
17 мамырда Өзбекстанның Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі ел азаматтарына Қазақстан шекарасынан өткен кезде Ресейде жасаған құқық бұзушылықтары үшін ұсталуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты келісімдерде әкімшілік және қылмыстық істер бойынша шешімдерді тану және орындау қарастырылғанын атап өтеді. Соның салдарынан соңғы кездері Өзбекстан азаматтары Қазақстан шекарасын кесіп өткенде Ресей заңнамасын бұзғаны үшін ұстала бастады.
«Ұсталғандар Ресей тарапы осы қылмыстар бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін түзеу мекемелерінде ұсталады» делінген Өзбекстан үкіметі департаментінің хабарламасында.
Ведомство Ресейде құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан азаматтарына Қазақстанға келмеуге кеңес берді.
Осыған дейін Украинамен соғысқа қатыспау үшін Ресей армиясынан қашып кеткен ресейлік Камиль Касимовтың Астанада ұсталғаны белгілі болған еді. Құқық қорғаушылар Қазақстан заңнамасы әскери қылмыс жасады деп айыпталған шетелдіктерді экстрадициялауға рұқсат етпесе де, Касимовты Ресейге алып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық