Қазақстанда орманшылардың жалақысы 100 пайызға өсті
Фото: Pixabay
1 шілдеден бастап еліміздегі орман шаруашылығы және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемақы ала бастайды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Орман және табиғатты қорғау ұйымдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерлерін жетілдіру мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.
Құжатқа сәйкес, орман өрт сөндіру бекеттерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, қоршаған ортаны қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100 пайызға дейін өсімақы алады. Олардың қатарында орман өрт сөндірушілері, өрт сөндіру көлігі жүргізушілері, тракторшылар, радио операторлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппараттарды жөндеу жөніндегі шеберлер, өрт бақылау мұнараларының бақылаушылары бар.
Сондай-ақ 113 десанттық өрт сөндірушінің еңбекақысы көтеріледі.
Қаулыны іске асыруға 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8,4 млрд. теңге сомасында қаржылық шығындар көзделген. Барлығы 3,3 мыңға жуық жұмысшы қосымша төлеммен қамтылады.
Жергілікті бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мекемелерінің және орман өрт сөндіру бекеттерінің 1619 қызметкеріне қосымша төлемдерді қаржыландыру жоспарлануда.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты О.А.Булавкинаның сауалына жауап берген Үкімет басшысы орман және табиғатты қорғау мекемелерінің барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі тұрақты бақылауында екенін және тиісті жоба әзірленетінін айтқан болатын. Депутат «Семей орманы» Бородулиха филиалының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тақырыбын көтерді.
Еске салсақ, 2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында орман шаруашылығы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмысы үшін лауазымдық жалақыларына 100 пайыз үстемеақы белгіленген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық