Қазақстанда Оңтүстік Кореяның үш университетінің филиалдары ашылады
Фото: espanglish.info
Қызылорда және Түркістан қалаларында Оңтүстік Кореяның үш университетінің филиалдарын ашу жоспарланды. Оңтүстік Корея президентінің мемлекеттік сапарына байланысты Астанада өтетін бірлескен бизнес-форум аясында тиісті меморандумдарға қол қойылады.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
«Бүгін бизнес-форумда екі меморандумға қол қойылады. Бұл – Сеул ұлттық ғылым және технология институты (SeoulTech) мен Қызылорда Қорқыт-Ата университеті бірлесе отырып, алғашқы жасанды интеллект мектебі құрылады», – деді Нұрбек.
Министр Қазақстанда жасанды интеллект бойынша ұлттық стратегия әзірленіп жатқанын атап өтті. Қорқыт ата университетінің студенттері бағдарлама бойынша корей мұғалімдерімен бірге ағылшын және корей тілдерінде білім алып, Оңтүстік Кореяның дипломына ие болады.
«Сонымен қатар, келесі жылдан бастап Түркістанда үлкен кампус ашатын жекеменшік университетпен келісім-шарт жасалады. Бұл филиалдың түлектері еңбек нарығына тікелей қол жеткізе отырып, Кореяда жұмыс істей алады», – деп толықтырды Нұрбек.
Сондай-ақ тараптар Оңтүстік Кореяның жетекші зерттеу университеті болатын Корея ғылым және технология институтымен (KAIST) келісімге қол қойды.
«Біз KAIST Қазақстанды құрып, іске қосамыз. Ол KAIST-тің толық қолдауымен, соның ішінде оқытушылар мен оқыту бағдарламалары арқылы елдегі жетекші зерттеу университеттерінің біріне айналады», – деді министр.
Еске салайық, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл Қазақстанда 13 маусымға дейін мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер және бірлескен бизнес-форум өткізу жоспарланған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді