Қазақстанда ЛГБТ насихатына қарсы 50 мыңнан астам қол жиналды
Фото: Pexels
Қазақстандағы ЛГБТ насихатына қарсы петицияға 50 мыңнан астам қол жиналды. Енді үкімет оны қарайтын болады.
Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлайды.
«Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады» деп хабарлады министрлік.
Онда мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылатыны атап өтілді. Өтінішті қарау процесі заң талаптарына сәйкес өтеді, деп сендірді ведомство.
«ҚР АПК-нің 90-4-бабына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға ҚР АПК-нің 90-5-бабына сәйкес қарау мерзімін белгіледі, өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін беріледі» делінген хабарламада.
Петицияға 50 мың қазақстандық дауыс берді.
«Көпшілігіміз үнсіз отырғанда, біздің санасы қатпаған балаларымыз бір жынысты қарымқатынасты (лгбт) қалыпты жағдай деп үйреніп келеді, тіпті тренд қылуда. Бұл үлкен қасірет, отбасылық және жеке бас трагедиясы десек те болады. Көрші елдерде ЛГБТ-ны насихаттағаны және таратқаны үшін жаза қарастырылған. Мысалы, Өзбекстанда гомосексуализм және ЛГБТ құқықтары тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамдық пікірталастарда толығымен жабық күйінде қалып отыр. Ресей Федерациясында 2022 жылы «біржынысты қарым қатынастарды насихаттауға», жынысты өзгертуге және педофилияға толық тыйым салу туралы Заң қабылданды. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында жыныс өзгертуге итермелейтін ақпараттарға толықтай тыйым салынған» делінген петиция мәтінінде.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады