Қазақстанда легионерлерге бюджеттен ақша төлеуге тыйым салынды
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етуге тыйым салынды. Сенат дене шынықтыру және спорт туралы заңға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың мәліметіне қарасақ, жаңа нормалар бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында енгізіліп, басым спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Бұл саладағы саясат енді Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізуге бейімделеді.
«Ұлттық спорт федерациялары аймақтық федерацияларға қарағанда басымдыққа ие болады. Кәсіпқой клубтарды қаржыландыруға шектеу қойылып, қаражат бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортына бағытталады. Жергілікті билік спорт және дене шынықтыру қызметтерінің бағасын реттей алады. Спорттық медицина мен спортшыларды дайындау стандарттарын дамыту шаралары күшейтіледі» деп жазды Максим Споткай.
Сонымен қатар спорт саласындағы мемлекеттік ұйым басшылары үшін ротация институты енгізілмек. Шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық