Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға артты

cover Фото: pexels

2023 жылы Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 7 612,8 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға артты.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

38 017 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның 35 304-і тұрғын үйге, 2713-і тұрғын емес мақсатқа арналды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 17,8 млн шаршы метр болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,8%-ға артты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар