«Қазақстанда көмір өндірісі тоқырады»: Көмір бағасы қаншаға қымбаттады?
Фото: Orda.kz
Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында қатты көмір, лигнит және көмір концентраты өндірісі 69,4 миллион тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,3% төмендеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Energyprom мәліметтеріне қарасақ, өткен жылы да көмір өндірісі 2% -ға азайған болатын. Өндірістің негізгі бөлігі Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында шоғырланған. Осы үш аймақта жыл басынан бері өндірілген көмірдің жартысынан көбі Павлодар облысына, шамамен үштен бірі Қарағанды облысына, қалғаны Абай облысына тиесілі.
Елдегі негізгі көмір игеретін компаниялар:
- «Қазақмыс» — ірі тау-кен компаниясы, көмірді, мыс және алтын кендерін өндірумен айналысады.
- «Шұбаркөл Көмір» — Қазақстандағы жетекші көмір өндірушілердің бірі, Қарағанды облысында орналасқан.
- «Евразия» — Павлодар облысында көмір өндірумен айналысатын компания.
- «Шығыс Көмір» — Шығыс Қазақстандағы көмірді өндіретін компания.
- «АрселорМиттал Теміртау» — ірі металлургиялық компания, Қарағанды облысында көмір өндірумен де айналысады.
Сонымен қатар, елдің әртүрлі аймақтарында көмір өндірумен айналысатын басқа да аймақтық және жеке компаниялар бар.
Еске сала кетсек, кеше ғана Тимур Құлыбаев «Шұбаркөл Премиум» компаниясындағы өз үлесінен бас тартқан болатын. Көмір өндірісінің тоқырауы басшыларына да әсер етсе керек. Компанияның 1 шілдедегі шығынына қарасақ, 6,3 млрд теңге болыпты. Осылай Құлыбаев өз орнын екі ірі кәсіпкер — Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимовке табыстады.
Energyprom деректеріне зер салсақ, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылмен салыстырғанда 99,3% төмендеді. Өндіріс көлемі 50,9 миллион тоннаға дейін 9,5% азайғанымен, импорт 34,1% өсіп, 529,1 мың тоннаға жетті.
Экспорт 6,9% қысқарып, 13,2 миллион тоннаны құрады, ал ішкі нарықтағы реализация 10% төмендеп, 38,2 миллион тонна болды.
Аймақтарға қарасақ, Солтүстік Қазақстан (57,1%), Ақмола (55,8%) және Абай (51,4%) облыстарында қатты отын қолданатын үй шаруашылықтарының үлесі жартысынан жоғары. Жетісу (49,3%) және Алматы (36,2%) облыстарында да бұл көрсеткіш жоғары.
Сондай-ақ, көмірдің бағасы 2024 жылдың тамыз айында жыл басынан бері 10,3% өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12,3% болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық