Қазақстанда көлік апатының көбеюі ескі көліктердің кесірі ме?
Қазақстанда ескі көлік саны азаймай тұр. Соңғы бес жылда бірнеше рет көтерілген бұл мәселе әлі күнге шешімін таппады. Қазақстанда ескі көлік саны қазір қанша, қандай жаңа ережелер қабылданды, Orda.kz тілшісі бұл мәселенің мән жайын талқылап көрді.
Жаңа көлік міну әркімнің арманы, бірақ бұйыра бермейтін бақыт. Арзан бағаға шетелден көлік әкеліп мінгісі келетіндерге кедергі көп. Ат арытып алып келген шетелдік көлігін Қазақстанға әкеліп заңдастырғанда сол екі есе бағаны төлейді. Рахатынан гөрі машақаты көп болғандықтан құрлық асып барып, көлік тізгіндеп келуге тәуекел ете қоятындар аз. Шетелдің жаңа көліктері Қырғызстанға көп әкелінген, қазақстандықтар да сол көліктерді жаппай алды деген ақпарат бар, бірақ нақты қанша көлік қазақ жеріне өткені белгісіз. Сондай-ақ қырғыздың бюджеті де қаншалықты қоңданды, ол жағы да жария етілмеген.
Хош, енді қазіргі уақытта Қазақстандағы көлік саны қанша, ал жылдары қандай?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 5 млн 744 мың автокөлік тіркелген. Оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.
Ал жылдарына келсек, 2,5 млн көліктің шығу тарихы 20 жылдан асады.
- 10-20 жыл жүрілген көліктер саны – 1 млн 360 мың.
- 7-10 жыл – 652,2 мың автокөлік
- 3-7 жыл – 838,8 мың автокөлік
6 миллионға жуық көліктің небәрі 362 мыңы ғана үш жылдан аз жүрілген, яғни жаңа.


Көлік саны артқан сайын көрсетілетін қызмет саласының да көбейетіні мәлім. Осы орайда, көліктерге қызмет көрсететін сервистердің жұмысын қадағалау мәселесі үкіметте бірнеше рет айтылды. Қазақстан нарқында 14 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан GT oil servis мамандарының айтуынша, бұл жерге келіп қызмет алатын жаңа көлік иелері – көбіне қытайдың көлігін мінгендер.
«Бұл көліктерге өкінішке қарай автобөлшектер көп табылмайды. Жалпы халықтың көлікке деген сауаты орташа немесе жақсы деп айтуға болады. Мысалы шетелде көлікті тек жүргізеді, оның жөндеу жұмыстарына бас қатырмайды. Ондай жұмыстармен біз сияқты сервистер ғана айналысады. Олармен салыстырғанда қазақстандық жүргізушілер едәуір сауатты» - дейді GT oil servis автосервис басшысы Жанат Сабдалинов.
Оның айтуынша, ескі көліктерінің өзін жаңадан арман күтіп ұстап, әлпештейтіндер көп. Ескі көлік мәселесін шешу үшін, көліктердің жылдарын ғана есептеп қоймай, оларға қызмет көрсететін автосервистердің жұмысын жақсарту керек.
«Бізге қызметке жүгінетіндердің жылы орташа және жаңа көліктер көп келеді. Жаңа көліктер қытай көліктері. Жалпы автосервис маманы ретінде айтарым, бізде көліктерге қызмет көрсететін барлық саланы бақылауда ұстау керек. Өйткені сапасыз май, сапасыз қызмет. Онсыз да көлігі ескі мемлекетті тұралатуға болмайды. Мысалға мен Германияда біраз жыл тұрдым, ол жақта көлік апаты деген өте сирек. Көлік майлары мен, қызмет ол жақта өте сапалы. Көліктердің ескілігі ғана емес, оларға құйылатын майлар, қайдан әкелініп жатыр, сапасы қандай, соның бәрін тексеру керек. Сапасыз, неден жасалған белгісіз майдан ауаға бөлінетін улы заттардың зияны өте зор болады. Сондай-ақ жол апаттарының жиілігіне тағы бір себеп – көліктерге көрсетіліп жатқан сапасыз қызмет», - деді Жанат Сабдалинов.
Былтыр Қазақстанға шетелден 2,2 млрд долларға 150 600 көлік әкелінген. Соның басым көпшілігі Қытай, АҚШ, Корея, Жапония және Ресей мемлекеттерінен алынған.
Ал салық мәселесіне келсек, жеке тұлғалардың былтырғы көлік салығын төлеу мерзімі бір айдан соң, яғни 1 сәуірде аяқталады.
Ескі көлік мәселесі қазірше салыққа өзгеріс енгізу арқылы шешілмек.
Жеке тұлғалардың 2024 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.
2024 жылғы салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Яғни, шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл автокөліктер үшін салық сомасы 2 есеге азайтылады.
«Салық жүктемесін азайту мақсатында жаңа салық кодексінің жобасында көлік құралдары салығын, атап айтқанда шығарылған мерзімі 20 жылдан асатын жеңіл автомобильдерге салынатын салық сомасын есептеу кезінде 0,5 түзету коэффициентін және шығарылған жылы 10 жылдан 20 жылға дейін қоса алғанда, автомобильдерге көлік салығын есептегенде 0,7 мөлшерінде түзету коэффициенті қолдану қарастырылған. Бұл ретте, қазіргі уақытта Салық кодексінің жобасы мәжілісте талқылануда», - деп хабарлады салық комитеті.
Жаңалықтар
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады
- Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- ӘЧ-2026: Түркия АҚШ-ты жеңді, бірақ плей-оффқа шыға алмайды
- Шымкентте ірі өрт: ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды ауыздықтады
- Венесуэлада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Қазақстан СІМ Таяу Шығысқа сапарлардан бас тартуға кеңес берді
- Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
- Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды
- Алматыда жер астынан шыққан өрт жұрттың зәресін алды: Полиция себебін айтты
- Пакқа қатысты үкімнен кейін кісі өлімі болған жол апаты үшін жазаны қатаңдатуды талап еткен петиция жарияланды