Қазақстанда қазақ тілінің ұлттық корпусы құрылады
Фото: gov.kz
Елімізде қазақ тілінің ұлттық корпусы құрылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды әзірлеген. Сенат осыған қатысты құжатты мақұлдады.
Бұл заңға сәйкес, қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе құрылып, қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры әзірленеді. Жүйеде қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндері қамтылады. Ал осы жүйенің ақпараттық-анықтамалығы ретінде қазақ тілінің ұлттық корпусын құру көзделген. Бұл шаралар негізінде қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеп, генерациялайтын, талдау жүргізетін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорын қолжетімді ететін ауқымды тіл моделі қалыптасады.
«Бұл түзетулер, қазақ тілін мәдени құндылық ретінде әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді, мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін нығайтады», – деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.
Сонымен бірге аталмыш заң шеңберінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәлімгерлік институтын реттеу үшін «тәлімгерлік жөніндегі ұйым» ұғымы енгізіледі. Ал тәлімгер болуға үміткер адамдар арнайы ұйымда тәлімгерлік бойынша оқудан өтіп, оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық