Қазақстанда доллар құны қымбаттады

cover Фото: Pexels

Қазақстанда 18 маусымдағы аукционда доллар құны күрт өсті.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,92 теңгеге көтеріліп, 457,98 теңге болды. 

Ұлттық банктің 18 маусымдағы ресми бағамы долларға шаққанда  452,92 теңге болды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 458,80 теңге, сатылымы 461,14 теңге болып отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 456,97 теңгеден сатып алынып, 462,00 теңгеге сатылуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар