Қазақстанда бидайды барлық көлік түрлерімен әкелуге тыйым салынады
Фото: com3s.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан аумағына бидайды автомобиль, су және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындады.
Жоба Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай импортына 6 ай мерзімге тыйым салуды көздейді.
Алайда, бидайды темір жол арқылы құс және ұн фабрикаларына тек өндіру және тұтыну үшін әкелуге рұқсат етіледі. Бұл ретте құс және ұн тарту кәсіпорындарына әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықта сатылымға жатпайды.
Сондай-ақ, тыйым салу Қазақстан аумағынан тыс жерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалы аясында Қазақстанға әкелінетін бидайға қолданылмайды.
Түсіндірме хатта 12 наурызда Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда аталған көлік түрлерімен бидай импортына тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданғаны айтылған.
Әзірлеушілер ішкі қазақстандық нарықта азық-түлік пен жемдік астықтың жеткілікті қоры бар деп түсіндіреді. Мәселен, 2023 жылы 12,1 млн тонна бидай жиналды. Өңдеу және экспортқа жөнелту көлемдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша астық қоры 11,5 млн тонна болды. Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна жемдік астықты тікелей сатып алуды жүзеге асырды.
Бұл ретте Қазақстан Ресейден қосымша астық алады, бұл ішкі нарықта сұраныстың төмендеуіне және бағаның төмендеуіне әкеліп соғады. Мәселен, ҚТЖ мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясынан теміржол арқылы 174 мың тонна бидай импортталған, бұл 2022 жылғы деңгейден (127,8 мың тонна) 35 пайызға артық. Жазғы навигация кезеңінде су көлігімен 29 мың тонна бидай импортталды, бұл ішкі нарықтағы ресейлік бидай көлемін арттырады.
Импорттың артуы сапасыз бидайды өткізу мәселесін одан әрі қиындатады. Астық өткізу нарығының болмауы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайының нашарлауына алып келеді, бұл 2024 жылғы егіс науқанының үзілуіне әкелуі мүмкін.
Жоба 2024 жылдың 26 наурызына дейін Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық