Қазақстанда балаларға жасалатын қылмыс саны артып келеді
Фото: freepik.com
Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізде балаларға қарсы үш мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 37,1 % - ға көп. Балаларды зорлау — 20,9 %-ға артқан. Ал сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 3,9 %, кәмелет жасқа толмағандармен жыныстық қатынас — 11,3 % артқан.
Сексуалдық зорлық-зомбылықтан барлығы 820 бала зардап шекті. Бұл өткен жылдың он айынан 84-ке көп.
Сарапшылардың айтуынша, елімізде балаларға қатысты азаптау, жезөкшелікке тарту, адам саудасы жағдайлары да көбірек тіркелген.
Мәселен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған Қызылорда облысынан келген қыздың оқиғасы жалғыз көрсеткіш емес. Осы жылдың он айында осындай 14 факт, ал өткен жылы — бес факт болған.
Он айда 98 бала өз-өзіне қол жұмсады. Бұл көрсеткіш жылдағыдан 20,8%-ға көп.
«Түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен кәмелетке толмағандардың жалпы саны осы жылдың қаңтар-қазан айларында 3,6 мыңнан асты. Өткен жылдың көрсеткіштерін ескере отырып (2,4 мың адам) бұл өте көп екінін айтуға болады. Зардап шеккендердің жартысына жуығы мектеп оқушылары, гимназиялар мен лицей оқушылары. Жәбірленушілердің төрттен бірі колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері болып шықты», -дейді сарапшылар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық