Қазақстанда әзірбайжандық танымал әншінің концерті өтпейтін болды
Фото: Видеодан алынған кадр
Әзірбайжандық әнші Роза Зергерлі Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты концерт өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде қайғылы жағдайдан кейін Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концерттері өтпейтінін хабарлады. Ол өзінің инстаграм парақшасында көпшілікке үндеу жасады. Өнер иесі қайғылы жағдайдан кейін концерт бере алмайтынын жеткізді. Роза Зергерлі қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтты.
«Кеше қайғылы жағдай болды. Бұл тек Әзірбайжан үшін емес, Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей және т.б елдер үшін де үлкен қайғы болды. Бұл – біздің ортақ қайғымыз. Бұлай болады деп ойламадық. Қазір мен Қазақстандамын. Бұл жерде жоспарланған концерттерім, гастрольдік турым бар. Бірақ бүгінгі концерт болмайды. Қайғылы жағдайдан кейін бас тарттық. Ертең де солай істейтін боламыз. 1500 адам жиналған концертке бардым. Бірақ мен ән салмадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Халық бұл шешімімді дұрыс қабылдап, қолдау білдірді. Ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас өкініш пен трагедия», - деді өнер иесі.
Сонымен қатар әнші апатқа ұшыраған ұшақта жақын құрбысының ұлы болғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық