Қазақстанда әскери есепке алу цифрландырылды
Фото: Ашық дереккөзден
ҚР Қорғаныс министрлігі кадр қызметтері әскери есепке алу құжаттарын цифрлық форматта ала алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметін egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдаланып, автоматты режимде ала алады.
Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б.) талап еткен» делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Енді жұмыс беруші сауалына жауапты автоматты түрде ала алады.
«Былтырдан бері осы процестерді цифрландыру жөнінде жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда, ақпараттық жүйені әзірлеп, оны іргелес мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірдік. Инновация кадрлық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтарды анықтама алу үшін уақыт жұмсаудан босатады. Егер бұрын бұл процестер бірнеше аптаға созылса, бүгінде бұл бір күнде жасалады», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған
- Мектеп директорына 3 млн теңге: «Алтын ханым – 2026» кім атанды?
- Жаңаөзенде қыз алып қашпақ болған 5 жігіт түрмеге тоғытылды
- Депутат Мұрат Әбенов мас жүргізушілерді анықтау жүйесінде проблема барын айтты
- Абай облысында күйеуін құтқарамын деп адам өлтірген әйел бостандыққа шықты
- Қырғызстанда депутат TikTok-қа салынған тыйымды алып тастауға шақырды
- «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы тағайындалды
- Ақша аудардыңыз — билет жоқ: ІІМ қауіпті схемаларды атады
- Таразда 10-сынып оқушысын бір топ ұл соққыға жығып, көзінен айырды
- АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан арасында алғаш рет келіссөз жүріп жатыр
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін