Қазақстанда 308 мыңнан астам адам жұмыс таппай, әлеуметтік төлем алып отыр
Фото: Envanto
Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алып жүрген азаматтардың саны 308,4 мың адамға жетті. Оның ішінде 268,6 мың адамға бұл төлем биыл алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы көлемі — 106,8 млрд теңге, деп хабарлайды Orda.kz.
Қолданыстағы заң бойынша, жұмыстан босатылған азаматтың төлем алу мерзімі оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан уақытына және соңғы 24 айдағы табысына байланысты. Төлем 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Мөлшері — жоғалтқан табыстың 45%-ына дейін.
Бұл қаражат МӘСҚ есебінен төленеді.
Төлемді алу үшін қандай не істеу керек?
1. Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу
- Жұмыстан босатылған азамат алдымен жұмыссыз мәртебесін алуы тиіс;
- eGov.kz порталына кіріп, жүйеге кіру;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
- Онлайн өтініш толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою;
- 1 күн ішінде Мәнсап орталығы (бұрынғы Халықты жұмыспен қамту орталығы) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- Егер жарайтын жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтан «жұмыссыз» мәртебесі беріледі;
- Бұл қызметті enbek.kz порталы арқылы да рәсімдеуге болады.
Проактивті төлем деген не және қалай тағайындалады?
Проактивті төлем — азамат өтініш беріп әуре болмай-ақ, төлемнің автоматты түрде ұсынылуы.
Егер азаматтың «жұмыссыз» мәртебесі рәсімделсе, жүйе оны өздігінен байқайды. Содан кейін Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі азаматтың ұялы телефонына SMS жібереді. Азамат SMS арқылы келісімін берсе, төлем автоматты түрде тағайындалады. Яғни, қайтадан құжат жинаудың немесе қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.
Маңызды ақпарат
Бұл төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан беріледі:
- – өз еркімен кетсе де,
- – қысқартуға түссе де,
- – келісімшарт мерзімі аяқталса да.
Бұл жобаның мақсаты — азамат жаңа жұмыс іздеп жүрген кезеңде қаржылай қолдау көрсету.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық