Қазақстанда 2027 жылға дейін жаңа ұлттық компаниялар құрылмайды
Фото: Gov.kz
Қазақстанда квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізілді. Үкімет қаулысына сәйкес, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік компанияларды құруға тыйым салынып отыр.
Министрлер кабинетінің тиісті қаулысына премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін елімізде квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий жарияланады.
Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару үшін немесе мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша құрылуы қажет квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ерекшелік болады. Мұндай тапсырмаларды президент ерекше жағдайларда бере алады.
Мораторий президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамырдағы жарлығын орындау мақсатында енгізілген. Жарлықта Қазақстан экономикасын ырықтандыруға бағытталған шаралар бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық