Қазақстанда 20 су қоймасы салынады
Үкіметте Су ресурстары және ирригация министрлігінің сумен қамтамасыз ету мәселелері және халықаралық келісімдер бойынша жұмысы қорытындыланды.
1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Су ресурстары және ирригация министрлігін құрды.
Министрлік жұмысының жақында басталғанына қарамастан, нақты нәтижелер бар. Салаға қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленіп, су ресурстары базасын ұлғайту бойынша жобалар жүзеге асырылуда, халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.
Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Бұл суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемін 2,2 миллион гектарға дейін ұлғайтуға, су үнемдеу технологияларының үлесін 40 пайызға дейін арттыруға, суармалы суды жеткізу кезіндегі ысыраптарын 15 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы су шаруашылығын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Оны жүзеге асыру еліміздің су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға арттыруға, суармалы су ысыраптарын азайтуға және оның көлемін 3 текше шақырымға арттыруға, 55 мыңнан астам халқы бар 41 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанға көршілес елдерден су жеткізу бойынша тәуелділікті 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
2024-2026 жылдары республика бойынша 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау және 15 су қоймасын қайта жаңғырту жоспарлануда. Суару жүйелерінің тозуы мәселелерін шешу үшін ұзындығы 3,5 мың шақырым болатын 339 канал қайта жаңғыртылады.
Ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылуда. Ол жер асты суларының мониторингін және талдауын, іздестіру және барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялаумен айналысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық