Қазақстанда 17 мыңнан аса адам банкрот деп танылды
Фото: freepik.com
Қазақстанда 17, 9 мың адам банкрот деп танылды. Соттан тыс банкроттық рәсіміне 131 мыңнан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралып жатыр. Банкрот деп танылған 17,9 мың азаматтың жалпы қарыз сомасы 40,9 млрд теңге болады.
Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, банкроттық рәсімнің кейбір критерийлеріне сәйкес келмеген өтініштерге теріс жауап қайтарылған. Атап айтқанда, 12 ай бойы төлем қабілеті болмауына байланысты; соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдары тізімінде кредиторлардың болмауы; мүліктің болуы; кредитормен реттеу рәсімін растайтын құжаттың болмауы; 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетуі.
«Азаматтар негізгі критерийлерді біле тұра, әлі де өтініш беріп, нәтижесінде бас тарту саны артып жатыр. Соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізілуде. Сот банкроттығы барысында 45 адам банкрот деп танылып, олардың 13,6 млрд теңге қарызы кешірілді. 1 азаматтың 10 млн теңге төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде. Екі банкроттық рәсім аясында барлығы 54 млрд теңге сомасына 17,8 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды», – деді ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға