Қазақстан жыл соңына дейін Германияға 1 миллион тоннадан астам мұнай жеткізеді
Фото: abai.kz
Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін Қарашығанақтан Германияға 1 миллион тоннадан астам мұнай жеткізуге ниетті, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) баспасөз қызметі.
«Қарашығанақ мұнайын экспорттау тақырыбы да Батыс Еуропадағы қазақстандық көмірсутектерге сұраныстың артуы аясында қозғалды. Өткен жылы «ҚазТрансОйл» және «Транснефть» компанияларының көлік жүйелері арқылы алғаш рет Германияға Қарашығанақтан 1 миллион тоннаға жуық мұнай жеткізілді. 2024 жылдың 5 айында жеткізілімнің нақты көлемі шамамен 500 мың тонна болды. 2024 жылдың соңына қарай болжам 1 миллион тоннадан асады деп күтілуде» делінген ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) Марко Марсили бас директорының кездесуінен кейінгі хабарламада.
Атап өтілгендей, тараптар Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін газ өңдеу зауытын салу жобасының қазіргі жай-күйін талқылады.
«Сонымен қатар, қазіргі уақытта өндіруді жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде ұстап тұру үшін кен орны операторы Қарашығанақты кеңейту жобасын жүзеге асыруда - бұл ретте газды қабатқа қайта айдау үшін қосымша бесінші және алтыншы компрессорлар орнату, қабат қысымын ұстап тұру және қабаттан мұнай беруді арттыру жұмыстары бар» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді