Қазақстан заңында әлемдегі ең қатаң жазалардың бірі табылды
Фото: freepik.com
Мәжіліс депутаты Николай Арсютин ішкі істер министрі Ержан Сәденовке елде мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны жеңілдету керегін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Николай Арсютин қолданыстағы заңнамада көрсетілген 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулікке қамау жазасы тым қатаң деп мәлімдеді. Ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру әлемдегі ең қатаң жаза екенін айтты.
«7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру – әлемдегі ең қатаң жазалардың бірі, бірақ өзге жағдайларды есепке алмайды. Мысалы, жол апатының тіркелмеуі, алкогольдің аз мөлшерде анықталуы. Ең бастысы, мұндай қатал жаза тағайындауға медициналық қорытынды себеп болады», – деді депутат.
Мәжілісмен бұл жазаның кесірінен курьерлер, такси жүргізушілері жұмыссыз қалып жатқанын, кіріс көзінен айырылғанын мәлімдеді.
«Аталған бап енгізілгелі 200 мыңнан аса адам жауапқа тартылды. 2022-2024 жылдары тіркелген жол апаты саны 62 317, соның ішінде алкогольді ішімдік ішіп апат жасағандар саны 1 266. Германия, Франция, АҚШ пен Ресейде жазаның жеңілірек түрі қарастырылған. Осы тұста ішкі іштер министрлігіне келесі сұрақ туындайды: мұндай қатаң шара қабылдауға негіз бар ма? Бәлкім, куәландырудың нақты ережесін жасайтын уақыт келген шығар. Сонда әр адам зертхана таңдау құқығына ие болып, қайта тексерілуге мүмкіндік алар еді», – деді Арсютин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық