Қазақстан Венгрияға экспорт көлемін арттыруға дайын
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экспорт мәселелі Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясының 78-сессиясы аясында көтерілді.
Онда Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның кездесуі өтті.
«Қазақстан Еуропалық Одақтағы жақын әрі сенімді стратегиялық серіктес Венгриямен берік байланыстарымызды жоғары бағалайды. Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз айтарлықтай өсуде және біз экспортты шамамен 700 миллион доллар болатын 95 тауар позициясына арттыруға дайынбыз»,- деді Нұртілеу.
Сонымен қатар, тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.
Сондай-ақ министрлер алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар, Астана мен Будапешт арасындағы стратегиялық әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының жалғасуына тоқталды. Оның аясында Мажарстан тарапы қазақстандық студенттерге Венгрияның жетекші университеттерінде білім алу үшін жыл сайын 250 білім грантын бөледі.
Сыртқы істер ведомстволарының басшылары жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты платформалар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық