Қазақстан туына арабша жазу жазған никабтағы қыздарға жаза тағайындалды
Атырауда сот никаб киген қыздардың мұз айдында арабша жазуы бар Қазақстан туымен суретке түсуін ұсақ бұзақылық деп санады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Құқық бұзушылардың кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденді. Хаттама, рапорт, фотосурет және басқа да дәлелдемелер бар.
«Мұндай құқық бұзушылық үшін жаза мөлшері 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған», – деп жауап берді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.
Соттың қаулысына сәйкес, бір қызға ауырлататын мән-жайлар — кәмелетке толмағанды құқық бұзушылыққа тарту және оны топ болып жасау — ескеріліп, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал үшінші кәмелетке толмаған қыздың заңды өкіліне 39 320 теңге айыппұл тағайындалды.
Суретте тағы бір қыз болған, бірақ, оның қандай жаза алғаны белгісіз. Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.
Қыздардың әрекеті туралы ақпарат тарағаннан кейін Wildberries араб жазулары бар Қазақстан туын сатылымнан алып тастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық