Қазақстан төлқұжаты бар Вагнер жалдамалысы АҚШ-қа заңсыз өтпек болған
Фото: smartnews.kz
АҚШ-Мексика шекарасында Қазақстан азаматтымын деген ер адам ұсталды. Ол АҚШ-қа заңсыз кірмек болған. Америкалық прокурорлар оның ресейлік Вагнер тобында қызмет еткенін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
The Times of Central Asia басылымының жазуынша, қаңтардың 4-і күні Техас штатында Тимур Пірәлиев есімді азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болған жерінде ұсталған. Пірәлиев Ресей-Украина әскери қақтығыстарына Ресей жағынан қатысқан атышулы Вагнер тобында қызмет еткенін айтты. 5 қаңтарда оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Ұсталған азамат азаматтығы туралы сұраққа өзінің Қазақстан азаматы әрі тұрғыны екенін айтты. Ол 2025 жылдың 4 қаңтарында Техас штатының Рома қаласы маңындағы Рио-Гранде өзенінен өтіп, Америка Құрама Штаттарына заңсыз кірген», деп мәлімдеді сот.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауға алу кезінде Пірәлиевтің Ресей және Қазақстан (Қазақстан заңдары қос азаматтыққа тыйым салады) азаматы ретінде екі төлқұжаты бар екені анықталды. Бұрынғы жалдамалының қалтасында жеті мың доллар (ақшаның бір бөлігі Мексика песосы түрінде) және жолдорбасында бірге алып жүретін ұшу құрылғысы (беспилотник) болған.
Прокуратура жолы болмаған мигрантты 15 тәулікке қамауға алуды талап етті. Пірәлиевтің өзі кінәсін мойындап, оған неғұрлым жеңіл жаза тағайындалды. Ол талап арыз бойынша шешімді күтіп, көші-қон түрмесінде болған уақытында қамауға алу жазасы өтелді. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, ұсталған адам депортацияланғанға дейін де қамауда болады.
АҚШ-тың заңсыз иммигрантты Ресейге немесе Қазақстанға депортациялайтыны белгісіз.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды