«Қазақстан» телерадио кешенін қалпына келтіруге қанша млрд теңге жұмсалды?
Фото: Orda.kz
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңындағы «Қазақстан» медиаорталығының ғимараты өртке оранды. Оны толық қалпына келтіру жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалпына келтіру жұмыстары аяқталайын деп қалды. Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 60 %-ы аяқталған.
«Құрылысты қаржыландырудың 93,3 %-ы қала бюджеті есебінен (22,2 млрд теңге) жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстарды 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған», — деп жазылған мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың сәуір айының қорытындысы бойынша Президентке ұсынған есебінде.
20 миллиард теңгеге жаңартылған РТРК ғимаратында телестудиялар, дыбыс павильондары, монтаж залдары және іскерлік шараларға арналған кеңселер болады. Қаланың құрылыс басқармасы осылай уәде беріп отыр.
«Техникалық жарақтандыру телевизиялық және кинематографиялық контентті халықаралық деңгейде жасауға, сондай-ақ цифрлық форматтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл – әлемдік стандарттарға сай заманауи, технологиялық медиаорталық болады», — деп мәлімдеді ведомство.
Телерадио кешенінің ескі ғимараты Алматы әкімдігі сияқты Қаңтар оқиғасы кезінде өртелген еді. Ол кезде ғимарат ішінде бірнеше қызметкер болған. Қылмыскерлер оларды ұрып-соғып, сейфтерді ашып, барлық құрал-жабдықтарды алып кеткен.
Студия толықтай жанып кетті. Шабуыл сәті еліміздегі қаңтар трагедиясы туралы деректі фильм-хроникаға енді.
«Қазақстан» РТРК АҚ – 1958 жылы эфирге шыққан алғашқы ұлттық телеарна. 2022 жылғы оқиғалардан кейін Алматы әкімдігінің ғимаратын да қайта қалпына келтіруге тура келді. Оған 17 млрд теңге жұмсалды.
Жаңалықтар
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті